Павлодарда өрт зейнеткердің өмірін қиып кетті

bnews.kz bnews.kz
Оқиға орынына жеке құрамнан 15 адам мен бес техника жұмылдырылған.

Павлодарда Заводской переулок көшесі, 143-үйде шыққан өрттен егде жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.

-Сағат 08:46-да апат туралы хабар келіп түсті. Өрт 09:32-де оқшауланып, 11:29-да жойылды. Бес бөлмелі үйдің жиһаздары жанған. Алдын ала болжам бойынша, темекі шегу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау қайғылы жағдайдың орын алуына себеп болған. Жалын 40 шаршы метр жерді жалмаған, - деді департаментте.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, отқа оранған үйден 1954 жылғы ер адамның денесі табылды. Сондай-ақ 50 литрлік газ баллоны сыртқа шығарылды.

Оқиға орынына жеке құрамнан 15 адам мен бес техника жұмылдырылған.

Оразбек Саяхат

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз