Павлодарда жеке тұрғын үйден шыққан өрт зейнеткердің өмірін қиып кетті
Рavlodarnews.kz
Оқиға орынына жеке құрамнан 15 адам мен бес техника жұмылдырылған.
Павлодарда Заводской переулок көшесі, 143-үйде шыққан өрттен егде жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Сағат 08:46-да апат туралы хабар келіп түсті. Өрт 09:32-де оқшауланып, 11:29-да жойылды. Бес бөлмелі үйдің жиһаздары жанған. Алдын ала болжам бойынша, темекі шегу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау қайғылы жағдайдың орын алуына себеп болған. Жалын 40 шаршы метр жерді жалмаған, - деді департаментте.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, отқа оранған үйден 1954 жылғы ер адамның денесі табылды. Сондай-ақ 50 литрлік газ баллоны сыртқа шығарылды.
Оқиға орынына жеке құрамнан 15 адам мен бес техника жұмылдырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript