Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда ауруларды табиғи шөптермен емдейтін орталық бар

sazhaemvsadu.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2018 21:14 sazhaemvsadu.ru
Қазақтың дәстүрлі тәсілімен емдейтін орталыққа қазір келушілер көп.

«Қазір қауіпті ауруларды операциясыз, табиғи шөптермен емдеуге болады. Бұл қазақтың дәстүрлі халық емі». Алматыда осындай орталық ашып, науқастарды дәрілік шөппен әрі отпен емдейтін мамандар осылай деді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық телеарнасы жазды.

Қазақтың дәстүрлі тәсілімен емдейтін орталыққа қазір келушілер көп. 1 жылдың ішінде 5000-нан астам адам ем алған. Ал, 2000-нан астам науқас операциясыз-ақ дертінен айыққан. Өйткені, мұнда мамандар әлемде қауіпті саналатын 12-13 түрлі ауруды табиғи шөп-дәрілермен емдейді.

Орталық мамандары дәрілерді әр адамның ағзасына анализ жасап, әзірлейді. Сонда оның науқасқа кері әсері болмайды. 5 немесе 7 күннің ішінде жан-жақты тексеру жүргізіліп, содан кейін дәрі дайындалады. Ал, табиғи дәрі дайындау үшін олар дала кезіп, емдік шөптерді теріп әкеледі.

Қазір мұнда елімізден бөлек, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдерден де науқастар келе бастаған. Ал, семейлік Мұғзиза апа тізесі мен белі ауырып, осы уақытқа дейін түрлі ем алған. «Тек осында емделгелі айтарықтай нәтиже байқадым», - дейді ол.

Мұғзиза Ағанасова, Семей қаласының тұрғыны: - Жақсы болып қалдым. Жүре алмай, қолым ештеңені ұстай алмай келіп едім. Қазір бәрін де жақсы ұстаймын. Шөппенен емделген өте жақсы екен. Күнделікті дәрігерлер өзіңнің жағдайыңды көріп, зерттеп, сол бойынша өздерінің емін қолданады. Орталықта дәрі жасайтын мамандар Қытайдан білім алған. Өйткені, көрші елде Өтейбойдақ Тілеуқабыл атындағы қазақтың халық емін оқыту курсы 10 жыл бұрын ашылыпты. «Сол жерде оқыған шетелдіктер де барлық ауруды қазақтың шөп-дәрімен емдеу әдісіне ерекше таң қалды»,-дейді мамандар.

Амангелді Сейітхан

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: