Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда буын ауруларын емдейтін маман тапшы

Маңғыстауда буын ауруларын емдейтін маман тапшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 10:25 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстауда буын ауруларын емдейтін маман тапшы. 700 мыңнан астам халқы бар аймақта не бәрі 7 ревматолог дәрігер жұмыс істейді. Олар буын ауруларына шалдыққан 3 мыңнан астам науқасты қабылдап үлгермей жатыр. Оның үстіне соңғы кезде ревматологиялық аурудың түрлері көбейген.

Айкүміс Нұртілеуова алғаш басы аурып, балтыры сыздағанда дәрігерлер диагнозды дұрыс қоймай, аллергияның емін қабылдаған.

6 жылдан кейін сырқатының ревмотологиялық дерт екенін біледі. Оны Алматылық мамандар растаған, деп жазады qazaqstan.tv.

2018 жылдан бері аяғыма, қолымда дақтар пайда болып, бармаған жерім жоқ. Аллергиялық деген соң, 5-6 жыл аллергиямен емделдім. Содан ақырында ревмотологке келіп анықталды. Бізде ревматолог қала бойынша біреу. Сондықтан біз осы жерде қараламыз. Айкүміс Нұртілеуова, қала тұрғыны

Асылхан Нұрғожаева – облыстың штаттан тыс ревматолог-дәрігері. Ақтау қаласындағы нөмірі 2-емханада бір өзі күніне 25-30 науқасты қабылдайды. Оның айтуынша, маман жетіспегендіктен, күн ұзағына бел жазбай жұмыс істеуге тура келеді.

Жеке емханаларға жібереміз рентген түсірілімдерді. Мүмкіндігінше науқастар өздері түсіп келеді. Басқа облыстарға барып емделіп келетіндері болады. Былтыр 1160 болды. Соңғы 6 айлық есеп көрсеткіш бойынша 1350 адам тіркелді. Асылхан Нұрғожаева, Маңғыстау облысының штаттан тыс ревматолог-дәрігері

Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары буын ауруларының түрлері көбейген. Бірақ, науқасқа уақытында көмек көрсетілсе, мүгедектікке жеткізбеуге болады. Мәселені шешу мақсатында, келесі жылы Ақтауда ревмотологиялық орталық ашу жоспарланған. 39 орындық заманауы бөлімше облыстық аурухананың жанынан іске қосылмақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: