Жаңалықтар тізбегі
0

Денсаулық сақтау министрі медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ажар Ғиният, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2022 10:59 Сурет: Денсаулық сақтау министрлігі
Бүгінде Қазақстанда 260 мыңға жуық медицина маманы, оның ішінде 78 мыңнан астам дәрігер және 189 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде күн сайын 2 мыңнан астам операция жасалады. Тәулігіне 600-ден астам әйел босанады, стационардан 7 мыңнан астам науқас емделіп шығады. Ал емханаларда 420 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілсе, жедел жәрдем 19 мың адамға қызмет көрсетеді.

Қазақстанда маусымның үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күні барша медицина саласының қызметкері өзінің кәсіби мерекесін тойлайды.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі еліміздегі денсаулық сақтау жүйесін нығайту мен дамытудың кепілі екенін айтты. Оның сөзінше, Қазақстанда денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келеді. Халықтың қалың тобына, оның ішінде ауыл тұрғындарына қолжетімді және жедел алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдері қайта қаралып жатыр.

Жоғары технологиялық көмек көрсету көлемі өсіп жатыр. Жаңа перинатал орталықтар салынып жатыр, инновациялық бағдарламалар енгізіліп жатыр. Осындай жаңалықтардың арқасында бүгінде сирек кездесетін және күрделі ауруларға сәтті диагностика жүргізіліп, емделіп жатыр. Онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік туған кезде пациенттерді тексеруді және емдеуді жеделдету үшін «Жасыл жол» енгізілді. Кейінгі жылдары біз ең маңызды екі көрсеткіштің жақсарғанын байқайдық: өмір сүру ұзақтығы ұлғайып, туу көрсеткіші өсіп жатыр.Ажар Ғиният

Ажар Ғиният биыл «Балалар жылы» аясында олардың денсаулығына қарайласу қолға алынатынын айтты.

Президент 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Балалардың денсаулығын сақтау іс-шараларын іске асыру шеңберінде біз профилактикаға ерекше назар аударамыз. Соған байланысты жүргізілетін зерттеулерді көлемін ескере отырып, балаларды профилактикалық тексеру кеңейтіледі.Денсаулық сақтау министрі

Сонымен қатар министр пандемия кезінде ауруханаларда короновирус инфекциясы бар 500 мың науқас, реанимацияда 50 мыңға жуық ауыр науқасты 30 мыңнан астам медицина қызметкері емдегенін еске сала кетті.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Медицина – адам туғаннан бастап өмірінің соңына дейін араша түсетін жалғыз сала, мамандық. Адамның өмір сүруіне үміт беретін де – дәрігер. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын сала мамандарының еңбегі ерекше зор. Барлық медицина қызметкеріне қазақстандықтардың денсаулығын сақтауға қосқан баға жетпес үлесі үшін шынайы алғысымды білдіремін. Ажар Ғиният

Министр медицина саласының ардагерлерін де құттықтауды ұмытпады.

Ерекше алғыс сөздерін сала ардагерлеріне айтқым келеді. Сіздердің тәжірибелеріңіз дәстүрді сақтауға көмектесіп, мамандардың жаңа буынына үлгі болары сөзсіз. Құрметті әріптестер, баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат пен еңбектеріңізге табыс тілеймін.Денсаулық сақтау министрі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: