Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Құттықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2022 09:11 Сурет: akorda.kz
Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл мереке Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1998 жылы белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін Медицина қызметкері күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент олардың адамгершілік пен ізгілік мұраттарына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқанын баса айтты.

Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жастар осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр. Мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударады. Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы ақ халатты абзал жандарға ерен еңбектері, Гиппократ антына адалдықтары үшін шын жүректен ризашылығын білдіріп, зор денсаулық, бақ-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: