Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ОҚО-да студенттер бірін-бірі пышақтап тастады

Оқыс оқиға Ордабасы ауданына қарасты Бірлік ауылында болған.

Сурет : ҚазАқпарат27 Наурыз 2018, 16:06

Оңтүстік Қазақстан облысында колледж студенттері бірін-бірі пышақтады. Ал, жарақат алған 17 жастағы екі жасөспірім аурухананың жансақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға Ордабасы ауданына қарасты Бірлік ауылында болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, төбелес елді мекен орталығында Наурыз мерекесі тойланып жатқанда орын алған. Көрші Жамбыл ауылының жігіттері үш көлікпен келіп, қатарластарына тиіскен көрінеді. Ерегістің соңы төбелеске ұласып, тіпті пышақтауға дейін барған.

Күдіктілердің бірі алтыбақан теуіп тұрған Жүзжан Нұрәлі есімді жігіттің бір бүйіріне пышақ сұғып, қашып кетіпті. Қазір пышақ жарақатынан зардап шеккен екі оқушы Темірлан ауылындағы ауруханада ем қабылдауда. Оларға ота жасалып, бірінің көкбауырын алып тастаған. Дәрігерлер қазір екеуінің жағдайы қалыпты деп отыр.

Ал, өңірдің ішкі істер департаменті бұл оқиға бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын растады. Ресми деректер бойынша осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір жасөспірім қамауға алынған. Тергеуге қатысты қалған ақпараттар қосымша хабарланады дейді полицейлер.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер