Ақмола облысында ер адамды пойыз қағып кетті

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2018 18:03 ҚазАқпарат
Оқыс оқиға Көкшетау бекетінде болған.

Ақмола облысында ер адам пойыздың астынан түсіп көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 2018 жылдың 4 ақпанында түнгі уақыт 02:50 шамасында Көкшетау бекетінде болған.

«1984 жылы туған ер адам темір жолды рұқсат етілмеген жерінен кесіп өтпек болған. Осы кезде, № 1615 жүк пойызы қағып кетеді. Ер адам оқиға орнында көз жұмды», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Қазіргі кезде, оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: