Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар, жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады және бұрқасын болуы мүмкін.

Сурет : tirshilik-tynysy.kz28 Наурыз 2018, 09:22

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, қар жауып, кей жерлерде нөсер жауын жауады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Дегенмен елдің батысында және оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады және бұрқасын болуы мүмкін.

Еліміздің оңтүстік бөлігінің кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с болады. Түнде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі мүмкін деп болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, түнде көктайғақ болад.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетуі мүмкін.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында күндіз, Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерде түнде тұман түседі.

Алматы облысының кей жерелерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ғ дейін жетеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер