Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, жел күшейеді

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2018 15:27 Baq.kz
Республиканың кей жерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түсіп, тек батыста, оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с-ға жетеді. Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын соғады және желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман болып, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Павлодар облысының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с-ға жетіп, күндіз кей жерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді. Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман түседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: