Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бірқатар мемлекеттік мекемеде жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді

Себебі аталған мекемелерде биылдан бастап жалақы төлеудің жаңа жүйесі пилоттық негізде енгізілді.

Сурет : Хабар 2428 Наурыз 2018, 09:45

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Әділет министрлігінің және Астана қаласы мен Маңғыстау облысы әкімдіктері қызметкерлерінің жалақысы жыл басынан бері 100 пайызға өсті, деп хабарлайды Хабар 24.

Себебі аталған мекемелерде биылдан бастап жалақы төлеудің жаңа жүйесі пилоттық негізде енгізілді. Бұл мәселе «100 нақты қадам» ұлт жоспарында көтерілген болатын. Соның негізінде еңбекақы факторлы балдық шкала негізінде төленетін кепілдендірілген лауазымдық жалақы мен бонустардан тұрады. Жаңа жүйе енгізілгелі бері жобаға қатысып жатқан мекемелердегі бос лауазымдарға үміткерлер санының үш есеге дейін өскені байқалып отыр. «Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтің имиджін арттырып, аппараттың одан ары кәсібиленуіне септігін тигізеді», – дейді отандық сарапшылар.

- Осы жүйе басқа да мемлекеттерде жүзеге асырылған. Жаңа Зеландия, Канада, Сингапур жақта. Менің ойымша, бұл жүйе мемлекеттік қызметтің имиджін көтереді. Екіншіден, жауапкершілікті арттырады және ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады, - дейді І.Жансүгіров атындағы ЖМУ доценті Гүлнар Байтаева.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер