Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Голливуд актері Киану Ривздің мүсіні қойылмақ

sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2018 16:01 sn.kz
Киану Ривздің мұңайып тұрған мүсіні Алматы қаласындағы даңғылдардың біріне қойылады.

Мүсін авторы танымал актердің бейнесі алматылықтарды жайсыз көңіл-күйден құтқаратынын айтады, деп жазады Sn.kz.

Киану Ривздің мұңайып тұрған мүсіні Алматы қаласындағы даңғылдардың біріне қойылады. Актердің мұндай көңілсіз түрін бейнелеуді Алматыдағы гастробар иесі Жаңыл Наратауова ұсынған екен.

«Мен Киану Ривздің жанкүйерімін. Ол өте талантты және тағдыры қиындау адам. Сондай-ақ, қарапайым кісі. Қатерлі ісік ауруымен ауыратын адамдарға көмек көрсететін қайырымдылық қорына ол 10 миллион доллар қаражатын аударған. Кианудың өзін Алматыға алып келе алмадық. Бірақ мүсінін қоюды жөн көрдік. Қаламызда оның шығармашылығына қызығушылықпен қарайтындардың көп екенін білемін. Сол үшін Кианудің өзімен болмаса да, мүсінімен суретке түсе алатын мүмкіндік туды», - деді Ж.Наратауова Sputniknews порталына берген сұхбатында.

Мүсін 2018 жылдың соңына дейін орнатылады. Қазір Жаңыл Наратауова оны жасай алатын шеберлерді іздеп жүр екен. Қаржысын толықтай өзі көтермекші.

Айта кетейік, 53 жастағы Киану Ривз «Матрица» трилогиясында басты рольді сомдағаннан кейін кең танымалдылыққа ие болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: