Помпейдегі зиратта екі адамның мүсіні табылды

The Guardian мәліметінше, мүсіндерде абыздар бейнеленген. Бұл, зиратқа кіретін негізгі қақпалардың бірі ретінде белгілі.
Помпей қаласы 79 жылы Везувий жанартауының атқылауы салдарынан жойылған.

Сурет: Alfio Giannotti
Сарапшылардың пайымдауынша, әйел мүсінінде Ежелгі Рим дінінде егіншілік, құнарлылық және ана құдайы болған жергілікті әйел, Церера қашалған. Өйткені одағы зергерлік бұйымдардың барлығында дерлік – жарты ай бейнеленген.
Әйел көйлектің сыртынан оралған шапан киген, ал ер адам сол жақ иығына тога ілген.
Алайда сарапшылар мүсіндердің Рим республикасының соңғы кезеңіне тиесілі болуы мүмкін екенін де айтты. Сондай-ақ, жәдігерлерде бейнеленгендер ер-зайыпты болмауы да мүмкін, ер адам әйелдің күйеуі немесе ұлы болып шығуы да мүмкін.
Айта кетейік, екі мүсін де қалпына келтіріліп, 16 сәуірде басталатын Помпейде өтетін көрмеге ұсынылады.
Сарно портының қорымындағы қазба жұмыстары Помпей археологиялық паркі мен Валенсия еуропалық университетінің бірлескен жобасы болып табылады.