Қостанайда ауызсу бағасы қымбаттайды

www.24.kz www.24.kz
Судың бір текшесі жеке тұрғындар үшін 11 пайызға өспек.

1 сәуірден бастап қала тұрғындары жаңа баға бойынша есеп айырысатын болады. Облыс орталығын тіршілік нәрімен қамтып отырған «Қостанай су» коммуналдық мекемесі бұл жағдайды электр энергиясының қымбаттауымен байланыстырып отыр, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Енді судың бір текшесі жеке тұрғындар үшін 11 пайызға өспек. Ал заңды тұлғалар 26 пайыз қымбат төлейді.

Айта кету керек, облыс орталығы тіршілік нәрінің 70 пайызын жер асты көздерінен алады. Ал ауызсудың сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіле бермек.

Майя Ақбасова, «Қостанайсу» РКМ баспасөз хатшысы: - Бұған дейін қала тұрғындары судың әр кубына 76 теңге 90 тиын төлейтін. Енді ол 85 теңге 39 тиынға көтерілді. Ал кәріз суы 64,60 тиыннан 71 теңге 80 тиынға өсіп отыр. Бұл бағаны құзырлы орындар қарап, тексеріп, ресми түрде бекітті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз