Абай облысының кейбір тұрғындары үшін су бағасы қымбаттайды

Абай облысында жеке тұлғалар үшін суды тарифтеу қағидаты қайта қаралды. Ендігәрі тұрғындар суды неғұрлым көп тұтынса, соғұрлым көп төлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24KZ" ақпаратына сүйенсек, су тұтыну нормасы 3 текше метрден асқан кезде төлем 20% - ға, 5 -тен асса 50% - ға, ал 10 текше метрден асқан жағдайда немесе есептеу құралдары болмаса су үшін төлем екі есе артады. Бұл қаражаттың барлығы су желілерін және инфрақұрылымын жаңартуға жұмсалады.
"Суды үнемдеу мақсатында, суды дұрыс қолдану мақсатында табиғи монополиялар заңына өзгерістер енгізілген. Енгізілген табиғи монополия субьектілерге социалды нормалардан алынған табысты, яғни тарифтік сметадан алған табысты, өзінің желілерін жаңғыртуға яғни износты төмендетуге сол мақсатқа жұмсалады". Әли Әбүтәліпов, облыстық табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті басшысының орынбасары
Бұған дейін әлем елдерінде электр энергиясының бағасы өсіп жатқандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript