Жаңалықтар тізбегі
0

Семейдегі Ертіс өзені арнасынан асып, тұрғындар шұғыл түрде көшірілуде

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2018 23:30 altaynews.kz
Атқарушы билік өкілдері жағдайды бақылауға алғандарын жеткізді.

Ертіс өзені мен Семипалатинка тоғанында су арнадан асып, Түймойнақ аралы, Шығыс және Мирный кенттеріне су басу қаупі туындап отыр. Қазіргі таңда Түйемойнақ аралынан тұрғындар шұғыл түрде көшірілуде. Оқиға орнында қала әкімі Ермак Сәлімов бастаған арнайы топ өкілдері жұмыс істеп жатыр, деп жазады altaynews.kz.

Атқарушы билік өкілдері жағдайды бақылауға алғандарын жеткізді. Мұнда Азаматтық қорғаныс күштері жұмылдырылған. Қауіпті аймақтан халық толықтай көшіріліп жатыр. Эвакуация орны ретінде «Семей» және «Турист» қонақүйлері мен «Строитель» демалыс базасы бекітіліпті. 97 адам эвакуцияланды, оның ішінде 67 адам «Семей» қонақүйіне орналастырылса, қалған 30 адам «Туристке» жайғастырылды. Барлық адамдар ыстық тамақ жəне жылы киіммен қамтылды. Медициналық жəне психологиялық көмекке мұқтаж жандар болған жоқ. Шығын мөлшері әзірге белгісіз. Сол сияқты тілсіз жаумен күреске «Семей» көгалдандыру және көркейту мекемесіде тартылыпты.

-Әзірге он бірлік техника жұмыс істеуде. Қырыққа тақау қызметкеріміз тартылып отыр. Жағалауға инертті материалдарды төгіп, бекітіп жатырмыз. Дәл осындай шаралар Шығыс кентінің саяжайларында қолға алынды. Мұзды жару жұмыстарынан кейін жағдай тұрақталуы тиіс. Әйтсе де күн батқанша дейін осында болып, судың деңгейін бақылаймыз, — деді «Семей» көгалдандыру және көркейту кәсіпорнының өндіріс бөлімінің меңгерушісі Оразхан Ергебаев.

Еске салсақ, дәл осындай жағдай 2014 жылы орын алған еді. Ол кезде де Семипалатинка тоғанындағы мұздың кептіліп қалуына байланысты, өзен суы арнадан шығып, жеке тұрғын үй секторларына жайылған. Ал арал тұрғындары мұзды жару шаралары дер кезінде қолға алынбады, сол себепті осындай тасқынға душар болдық дейді.

-Сағат таңғы 7:30-дар шамасында судың көлемі көтерілгенін байқадым. Айналдырған екі-үш сағаттың ішінде оның деңгейі еке есеге асып, маңайдың барлығын су басты. Радионы күнде тыңдаймын. Алайда одан ешқандай хабар айтылмады. Сосын сағат 10:00 шамасында төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері келіп ескертті. Бірақ осыны ерте келіп ескертуге болар еді ғой. Өзімнің баспанама су әлі келе қойған жоқ. Себебі биіктікте орналасқан. Ал аралдың төменгі жағындағы үйлердің басым көпшілігін қызыл су алып жатыр, — деді жергілікті тұрғын Сәрсен Жұмабеков.

Шаһар басшысы қалалықтарды сабырға шақырып, келтірілген шығын мөлшерін арнайы құрылған комиссия анықтайтынын нақтылады. 1200 адам тұратын 500-ге тақау баспана бақылауға алынып отыр екен.

-Бір ай бұрын су тасқынына қарсы шаралар қолға алынды. Қазір тиісті органдар түгел жұмылдырылды. Халықтың алаңдамауын сұраймын. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп келеді, — деген Ермак Сәлімов.

Анықталғандай, қала әкімі ҚР ІІМ-нің вице-министрі Юрий Ильинмен бірге қауіпті аймақты тікұшақпен қадағалап шыққан. Оның нәтижесіне сәйкес Ертісте мұз жару жұмыстары іске асырылады. Бұл өзендегі мұз кептелісінің реттелуіне сеп болмақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: