Жаңалықтар тізбегі
0

Илья Ильин Токио Олимпиадасына қызу дайындық жүргізіп жатқанын айтты

Тoday.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2018 16:48 Тoday.kz
"Әрине, төрт дүркін олимпиада чемпионы болуды қатты қаладым", – деді Илья Ильин.

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин өзінің үлкен спортқа қайтып оралғанын айтты, деп хабарлайды Today.kz.

"Қалпыма тез әрі сапалы түрде келе жатырмын, қазір ағзамның барлық жүйесі қалай жұмыс істейтінін тексерудемін. Бастапқы мақсатым – ауыр атлетикамен 32 жасқа дейін айналысу еді", – деді Илья Ильин Kazakh TV-дің Youtube арнасындағы Sports nation арнасына берген сұхбатында.

Атақты ауыр атлет Токио Олимпиадасына қатысуды мақсат тұтып отырғанын жасырмады.

"Әрине, төрт дүркін олимпиада чемпионы болуды қатты қаладым. Он жыл бұрын жасаған жоспарым бойынша жүріп келе жатырмын. Бұл –біріншіден. Екіншіден, мен бұл істі жақсы көремін, бұл маған ұнайды, бұл істі сапалы әрі әдемі атқара аламын, бұл менің көңіліме жағады. Жұрттың энергиясынан нәр аламын. Оның үстіне мен жаспын, спортпен шұғылдана аламын, белсендімін, нағыз өз бабындағы спортшымын... 29 жас спортшы үшін "макс": оның шеберлігі де, ақылы да, дайындығы да, дайындалу жүйесі де қалыптасқан", – деді Ильин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: