Илья Ильин екінші рет үйленді

Илья Ильин үйленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2023 13:48 Сурет: Instagram/ilyailyinforever
Қазақстандық ауыр атлет, үш түрлі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин 12 қаңтарда екінші рет үйленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада өткен салтанатты шараның видеосы Ильиннің қалыңдығының Instagram парақшасында жарияланды. Танымал спортшы "бизнес вумен" Татьяна Гордиенкомен көңіл жарастырған екен.


Сурет: видеодан скриншот


"Мен "иә" дедім: махаббатыма, шексіз бақытқа әрі ең жақсы адамға", - деп жазды спортшының қалыңдығы әлеуметтік желіде.


Ерлі-зайыптылар қарым-қатынасын жарнамаламағанына қарамастан, желідегілер жаңадан шаңырақ көтерген отбасыны жаппай құттықтап жатыр. 

Ильин бұрынғы зайыбы - қазақстандық спортшы Наталья Кулаковамен 2017 жылы ажырасқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: