Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Сенаторлар біркүндік жалақысын тасқыннан зардап шеккен ШҚО тұрғындарына аударады

Шығыс Қазақстан облысында тұрғындар су тасқынынан зардап шегіп отыр.

Сурет : Baq.kz29 Наурыз 2018, 12:27

Бүгін Сенат отырысында депутат Дүйсенғазы Мусин сенаторлардың біркүндік жалақысын су тасқынынан зардап шеккен Шығыс Қазақсан облысының халқына аудару туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Шығыс Қазақстан облысында тұрғындар су тасқынынан зардап шегіп отыр. Өңірде қардың аз түсуінен топырақ қабаты 1,5-2 метр тереңдікке дейін тоң болып қатқан, әрі оның күрт еруі және толассыз жауын-шашын салдарынан өзендеріндегі су деңгейі шамадан тыс көтерілуіне байланысты бес қала: Аягөз, Өскемен, Риддер, Шемонаиха, Семей және 12 аудан: Аягөз, Глубокое, Ұлан, Күршім, Үржар, Зайсан, Зырян, Тарбағатай, Шемонаиха, Қатон-Қарағай, Көкпекті, Бесқарағай су тасқына ұшырады. Осыған байланысты бірқатар ауданда төтенше жағдай жарияланды», - деді сенатор.

Сонымен қатар ол қазіргі таңда аталған өңірдің әкімдігі тиісті жұмыстарды жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Жергілікті атқарушы орган табиғи апатқа байланысты тиісті шаралар қабылдауда, барлық шығысқазақстандық жұмылып, тілсіз жаумен белсене күресіп жатыр. Алайда техника, адам күші барынша жұмылдыруына қарамастан орын алып отырған жағдай қосымша қаржылай қолдауды талап етеді», - деді Дүйсенғазы Мусин.

Оның айтуынша, осындай қиын жағдайда депутаттар халыққа дер кезінде көмек қолын созу қажет.

«Әріптестер, су тұтқынында қалған және табиғи апат салдарынан үлкен қиындықтарға тап болған Шығыс Қазақстан облысындағы отандастарымызға көмек қолын созып, біркүндік жалақымызды аударуды ұсынамын. Осылайша, біз қиын уақытта қолымыз жетпесе де, көңіліміз бен жүрегіміз осы өңір халқымен бірге екенін көрсетіп, ұсынысымды қолдауларыңызды сұраймын», - деді сенатор.

Депутаттың бастамасын Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады.

«Депутаттар қарсы болмайтын шығар. Жақсы ұсыныс. Шешім қабылданды деп есептейміз. Бұл біздің Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынан зардап шеккен азаматтарға көрсеткен көмегіміз болсын», - деп түйіндеді сөзін төраға.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер