Қазақстандық еркектер қай елдерден әйел алған – ресми статистика

Тoday.kz Тoday.kz
ҚР ІІМ мәліметінше, 1992 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан азаматтығын 1 019 358 адам алған.

Үш жылдың ішінде алты мыңға жуық шетел азаматшасы Қазақстан Республикасының азаматтығын алған. Олар қазақстандық ер азаматтарға тұрмысқа шыққан. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігі айтты, деп хабарлайды Today.kz.

2015-2017 жылдар арасында 5811 әйел қазақстандыққа күйеуге шығып, "Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы" конвенцияға сәйкес ҚР паспортын алған.

Қазақстан азаматына ең көп тұрмысқа шыққандар – Өзбекстанның бұрынғы азаматшалары екен. Екінші орында – экс-қырғызстандықтар, үшінші орында – бұрынғы ресейліктер. Тізімде Армения, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия елдерінің бұрынғы азаматшалары бар.

ҚР ІІМ мәліметінше, 1992 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан азаматтығын 1 019 358 адам алған, Қазақстан азаматтығынан шыққандар саны – 11 514.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз