Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Талдықорғанда жасөспірім анасын өлтіргеннен кейін компьютер клубына барған

Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сурет : news.pn2 Сәуір 2018, 09:10

Талдықорған қаласында жасөспірім бала анасын айуандықпен өлтірген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі patrul.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқушының анасы 20 наурызда 43 жасқа толған. Арада бес күн өткеннен кейін оны туған ұлы – Талдықорғандағы мектептердің бірінде оқитын 11 сынып оқушысы өлтіріп тастаған.

Басылым хабарлағандай, әйел Талдықорғанда облыстық накологиялық диспансерде жұмыс істеген. Әріптестері мен науқастар оны жақсы медициналық қызметкер және өз ісінің маманы ретінде біледі. Ол бұл салада 23 жыл істеген.

Қаза тапқан әйелдің әріптестері оның отбасында үш адам: анасы, қызы мен ұлы болғанын айтады. Қызы Алматыда жоғары оқу орындарының бірінде оқыса, ұлы биыл мектеп бітіруі керек болатын. Ол қызының оқуын төлеу үшін негізгі жұмысынан бөлек ақылы емханаларда медбике болып жұмыс істеген.

Әріптестерінің айтуларынша, ұлы анасының ұйықтап қалуын күтіп, оны тұншықтыра бастаға. Одан кейін қолына пышақ алып, тамағын кесіп жіберген. Ол анасының көз жұмғанына көз жеткізгеннен кейін компьютер клубына барған. Одан кейін үйге қайтып келіп, ұйықтайды. Таңертең таңғы асын ішкеннен кейін анасының денесіне ас содасын сеуіп, кешке қарай полиция қызметкерлеріне берілген.

Полиция қызметкерлері қатігездікпен өлтірген жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер