Дәрігерлер масаны өлтіруге арналған препаратты анықтады

2 Сәуір 2018, 10:42
Сурет: Stan.kz

Кения, АҚШ және Ұлыбританиядан келген зерттеушілер тобы өздерінің ғылыми жұмыстарында, ивермектин қышыма және битке қарсы препараттың масаны өлтіруге қабілетті екенін анықталды. Бұл туралы мақала Tech Times басылымында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.

Медицина ғалымдарының бұл зерттеуіне Кенияда безгек ауруын жұқтырған 140 адам өз еркімен қатысуға келісті. Үш күн қатарынан науқастарға 600 немесе 300 миллиграмнан астам ивермектин берілді. Содан кейін бұл адамдардың қанымен масаларды тамақтандырды.

Ивермектин қолданған науқастардың қанын ішкен жәндіктердің 97 пайызы екі аптадан кейін қырыла бастаған. Оның үстіне, тіпті төменгі мөлшерде болса да, құрамында ивермектин бар қан 28 күн бойы маса үшін улы болып табылады.

Белгілі болғандай, дәрілік зат адамға ешқандай жанама әсер етпейді. Сондықтан ғалымдар безгекке қарсы күресте оның пайдалы қасиеттеріне үміттенеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?