Жансая Әбдімәлік Македонияда өткен шахмат турнирінде үздік бестікке енді

Хабар 24 Хабар 24
Жансая Әбдімәлік Македонияда өткен турнирде тоғыз ойынға қатысты.

Македонияда Karpos Open 2018 халықаралық шахмат турнирі аяқталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Аталған сайыста Қазақстан атынан алматылық Жансая Әбдімәлік пен шымкенттік Гүлісхан Нахбаева қатысты.

Ең мықты өнер көрсеткен ойыншы жастар арасындағы әлем чемпионы, алматылық Жансая (U-20) болды. Жансая Әбдімәлік Македонияда өткен турнирде тоғыз ойынға қатысты. Оның ішінде бес рет жеңіске жетіп, 4-еуінде қарсыласымен тең түсті. Осылайша ол Скопьеде 7 ұпай жинады және 5-орынды иемденді.

Ал шымкенттік Гүлісхан Нахбаева Македониядағы турнирде төрт рет жеңіске жетіп, бір ойынды тең аяқтады. Қазақстан намысын қорғаған екінші шахматшы пассивте төрт рет жеңіліс тапты. Шымкент қаласынан барған шахматшы осылай 74-орынға ие болды.

Турнирге әлемнің 17 елінен 165 шахматшы қатысты. Сайыста болгариялық Радослав Димитров жеңіске жетті. Одан кейін сербиялық Синиша Дражич және македониялық Леон Леваич жүлделі болды. Барлық үш шахматшы да 7,5 ұпай жинады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз