Жансая Әбдімәлік ФИДЕ Гран-приінде бесінші орынды алды
Сурет: Instagram/zhansaya_abdumalik
Астанадағы ФИДЕ Гран-при жарысы аяқталды. Турнирге қазақстандық шахматшылар Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жансая Әбдімәлік бесінші, Бибісара Асаубаева оныншы болды, деп жазды "Спорт Шрёдингера" телеграм-каналы.
Соңғы айналымда Жансая польшалық Алина Кашлинсканы жеңсе, Бибісара қытайлық Жу Цзиньермен тең түсті.
Нәтижесінде, 11 ойында Жансаяда 2 жеңіс, 2 жеңіліс бар. Ал 7 ойында ол қарсыласымен тең болды.
Бибісарада 1 жеңіс, 3 жеңіліс бар. Бибісара да қарсыласымен 7 ойында тең түсті.
Гран-придің бірінші кезеңін 8 ұпаймен ресейлік Екатерина Лахно жеңіп алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript