Үндістанда өткен Олимпиадада Жансая Әбдімәлік қола жүлдегер атанды
Сурет: Instagram/zhansaya_abdumalik
Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік 2022 жылғы Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының бірінші тақтасында, үздіктер арасында қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен бірінші тақтада ұлттық құрамалардың мықтылары ойнайды. Қазақстандық Бибісара Асаубаева екінші тақталар арасында төртінші болып мәреге жетті.
Мықты командамен ойнаған жоқпыз, бірақ қыздар 3-орыннан 5-орынға дейін көтерілді, абыроймен күресті. Бұл – әзірше әйелдер құрамасының Олимпиададағы ең үздік нәтижесі. Олимпиаданың қорытындысы бойынша командалық әлем чемпионатына жолдама алдық. Онда бұдан да күшті ойын көрсететінімізге сенімдімін, – деп жазды Жансая Әбдімәлік Instagram-дағы парақшасында.
Әйелдер құрамасы:
Жансая Әбдімәлік (22 жас) — бірінші тақта, 3 орын,
Бибісара Асаубаева (18 жас) — екінші тақта, 4 орын,
Ксения Балабаева (17 жас) — үшінші тақта, 16 орын,
Гүлісхан Нахбаева (31 жас) – төртінші тақта, 11 орын,
Назерке Нұрғали (18 жас) – бесінші тақта, 8 ойыннан аз ойнады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript