Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтаулық жеткіншек 2-ші рет қатарынан суицид жасамақ болған ер азаматты құтқарып қалды

Дәрігерлер суицид болғанын растап отыр.

Сурет : ernur.kz2 Сәуір 2018, 11:33

Ақтауда жеткіншек бала суицид жасамақ болған ер азаматты өлімнен құтқарып қалды деп жазады ernur.kz.

Оқиға 31 наурыз күні кешке болған.

Көпқабатты үйдің подъезіне кірген Аслан жертөледен адамның қиналып жатқан дыбысын естіген. Төмен түскен кезде ол асылып қалған ер азаматты көріпті. Жеткіншек дереу үйіне жүгіріп, пышақ алып келеді де, арқанды кесіп жібереді. Артынша есінен таңған адамды сүйреп далаға алып шыққан және полиция мен жедел жәрдем шақырған. Алайда, өзіне қол жұмсаған адам көмек келгенше есін жиып алып, екінші рет суицид жасамақ болыпты.

"Ол өзіне келгеннен кейін жолда кетіп бара жатқан көліктің астына секірді. Мен оны ұстап үлгердім. Жедел жәрдем мен полиция келгенше оны ешқайда жібермей отырдым", - дейді Аслан. Кейін ол ер азаматты полицияға тапсырып, өзі тәртіп сақшыларына түсініктеме жазып беріпті.

Дәрігерлер суицид болғанын растап отыр. 1981 жылғы жергілікті тұрғын араққа тойып алып, өмірімен қош айтыспақ болған екен. Алайда, бұл қадамға ол не үшін барғаны әлі айтылған жоқ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер