Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Экологтар ШҚО-да жауған сары түсті қарға талдау жасады

Қар жамылғысына ерекше бояу берген, майда түйіршікті шөгінді жыныс, яғни, балшық екені анықталды.

Сурет : 6262.com.ua2 Сәуір 2018, 12:15

ШҚО Экология департаменті Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы тұрғындарының үрейін тудырған сары түсті қардың құрамына талдау жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен аптада Зырян ауданында жауған сары түсті қар туралы ақпарат алғаннан кейін ШҚО экология департаментінің қызметкерлері сол аймаққа барып, қардың сынамасын алды. Талдау нәтижелері бойынша, сынамада өнеркәсіптік кәсіпорындардың әсерінен пайда болатын улы заттар анықталмады.

Мамандардың айтуынша, қар жамылғысына ерекше бояу берген, солтүстік-батыстан соққан жел арқылы келген ұсақ түйіршікті шөгінді жыныс, яғни, балшық.

«Балшықтағы жыныс түзуші минерал – каолинит, ол балшықтың химиялық құрамының басым бөлігін құрайды. Ал әртүрлі түс хромофор иондарының қосылуынан пайда болады», - дейді ШҚО Экология департаментінің зертхана басшысы Клара Рахымбаева.

Айта кетейік, сол күні Өскемен қаласының тұрғындары да қызғылт-сары жауынға куә болған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер