Алматы облысында ауыл тұрғындары 35 шақырым жолды өз күштерімен жөндеп шықты

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Жөндеу жұмыстарына ауылдың 50-60 тұрғыны, 20-дан астам техника тартылған.

Алматы облысының Сарқан ауданына қарасты Мұқан Төлебаев ауылының тұрғындары 35 шақырым жолды өз күштерімен жөндеп шықты. Осылайша, ауыл тұрғындары туған жерге құрметтің керемет үлгісін көрсетіп, өзгелерге де осындай игі іске жұмылуға шақырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұқан Төлебаев ауылының тұрғындары алдымен ортақ қор құрып, сосын сол қаражатқа Лепсі ауылына дейінгі жолдың шұрық тесігін өз күштерімен жамап, тегістеп шыққан. Ауылдастарына үндеу тастап, асарды ұйымдастырған жергілікті кәсіпкер Руслан Сәттібеков.

Оның айтуынша, бұл жол ең бірінші кезекте ауыл халқы үшін қажет.

«Бұл біздің күнделікті жүретін жолымыз. Сондықтан «мемлекет қашан жасап береді» деп қарап отырмай өзіміз іске кірістік. Бұл жерде мәселе аудан немесе облыс билігін сынау емес, қайта әкімдіктегілердің бір жағына шығысып, басқа ауылдарға үлгі болайық деген ниетте болдық», - дейді кәсіпкер.

Имандылық жолында жүрген Руслан Сәттібеков ең бастысы ауыл тұрғындарының сауапты іс атқарғанын да айтады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-04/thumbs/1522650697_00.jpg

«Себебі жол және көпір салу сауабы еселенетіні туралы Құранда да айтылған. Ал өзге ақпарат көздері мен әлеуметтік желілерде қазір бас салып жергілікті билікті сынауға кірісті. Ол дұрыс емес. Біз бұл жұмыстарды ауыл әкімдігімен бірлесе атқардық», - дейді асарды ұйымдастырған Руслан Сәттібеков.

Жөндеу жұмыстарына ауылдың 50-60 тұрғыны, 20-дан астам техника тартылған. Материалдарға 500 мың теңгедей қаражат жұмсалыпты.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-04/thumbs/1522650688_000.jpg

Айта кету керек бұл жол КСРО Халық әртісі, әйгілі композитор Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығы аясында ағымдағы жөндеуден өткен. Бірақ уақыт өте тозыңқырай бастаған. Ұйымдастырушылар біраз күш және қаржы жинап алғаннан кейін қалған 7-8 шақырым жолды жөндейтінін атап өтті.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-04/thumbs/1522650692_0000.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз