Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Тек батыс және оңтүстіктің кей жерінде жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.

Сурет : khabar.kz4 Сәуір 2018, 09:22

Бүгін ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізіп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек батыс және оңтүстікте атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерінде жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерінде дауыл, шаңды дауыл, жел күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/м, екпіні 23-28 м/с.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Қостанай, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Алматы облысының түнде кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертең Ақмола облыстарының кей жерінде тұман түседі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер