Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жауын-шашынды болады. Батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерінде жел күшейіп, тұман түседі. Көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с-дан асады.
Түркістан облысының кей жерінде тұман болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Aқмола, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Aлматы, Маңғыстау облыстарының кей жерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Aтырау облысында түнде және таңертең тұман түседі.