Жаңалықтар тізбегі
0

Су тасқыны кезінде есте сақтайтын 6 кеңес

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2018 18:37 Baq.kz
Елімізде көктем келсе су тасқыны мен сел жүру қаупі күшейе түседі.

Апат айтып келмейді, бірақ қазақта «сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар. Елімізде көктем келсе су тасқыны мен сел жүру қаупі күшейе түседі. Қазірдің өзін алып қарасақ, ШҚО-да бірнеше үйді су басса, Ішкі істер министрлігі мұндай жағдайға өзге 5 облыстың да дайын болуы керегін айтады. Су басу қаупі бар аймақта тұрсаңыз алдын ала қандай шаралар жасау керек? Су басқанда және одан кейін не істеу керегін білесіз бе? Бұл сұрақтарға жауап ретінде Baq.kz тілшісі пайдалы кеңестермен бөліседі.

1. Әрдайым дайын болыңыз

Тұрғылықты жеріңіз туралы жақсы біліп алыңыз, егер су тасқыны мен сел жүретін аймақта тұрсаңыз әрдайым құлағыңызды түріп жүріңіз. Мысалы, өзен маңына қоныстанған қала, елдімекендерде көктемде жыл сайын табиғи апаттың алдын алу жұмыстары атқарылады. Тасқын кезінде қажетті заттарды іздеп әбігерге түспес үшін құжаттар, ақша, бағалы бұйымдарды сенімді орынға жинап қойыңыз. Азық-түлік, су және құтқару шеңбері, арқан, қайық секілді қажетті құтқару заттарын алдын ала алып қоюды ұмытпаңыз.

2. Соңғы жаңалықтардан хабардар болыңыз

Елдің кез келген нүктесінде су басу қаупі бар болса телеарна, радио, интернетте бұл туралы міндетті түрде жаңалықтар шығады. Мысалы, Baq.kz ақпарат агенттігі Семейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, Қазақстанның 6 аймағында су деңгейі көтерілуі мүмкін, ШҚО-дан өзге 5 облыс су тасқынына дайын болуы керек деген ақпараттар таратты. Айта кетсек, азаматтардың телефонына 112 қызметі ауа райы, болуы мүмкін табиғи апаттар туралы хабарлама жіберіп отырады.

3. Электр мен газды өшіріңіз

Үйіңізге су кірместен бұрын тез арада барлық коммуникацияны өшіріңіз. Электр тогына су тисе қандай жағдай болатынын бәріміз білеміз. Тіпті соңы адам өлімімен аяқталуы мүмкін. Барлық есік пен терезе жабық болуы керек.

4. Егер сіз суға батып бара жатсаңыз...

Жүзуге, су бетінде ұстап тұруға көмектесетін кез келген затты пайдаланыңыз. Үйіңізде доп, пластик бөтелкелері, үлкен үрмелі шарлар болса тіптен жақсы. Егер жаныңызда бір адам көмек сұраса бірден қолыңызды созып судан шығарып алуға тырыспаңыз. Мұндай жағдайда сіз өзгені де, өзіңізді де құтқара алмайсыз. Одан да ол адамға су бетінде ұстап тұруға көмектесетін заттарды беріңіз.

5. Оқшау орында қалып қойсаңыз...

Үйіңізді су басып жатқанда жағдайға қарап сіз тез арада көмектің жете қоймайтынын түсінесіз. Сол себепті ең алдымен өзіңіз әрекет етуіңіз керек. Киіміңіз бен аяқ киіміңізді шешіңіз. Терең тыныс алып су астында қалған қалқып жүретін қандай да бір затты ұстап алыңыз да су бетіне шығыңыз. Ең бастысы дүрлікпеңіз. Егер сабыр сақтасаңыз тірі қалу мүмкіндігі арта түседі.

6. Су тасқынынан кейін не істеу керек?

– Үйіңізді тексеріңіз, себебі газ жиналып қалуы мүмкін;

– Электр мен газды қоспаңыз, оны мамандарға тапсырыңыз;

– Үйіңізде құлайын деп тұрған қандай да бір заттардың бар-жоғын тексеріп алыңыз. Мысалы, іргетасты, қабырға, терезе, еденнің бүтіндігін тексеріңіз;

– Электр сымы мен канализация, газ беру жүйесінің дұрыс екенін тексеріп алыңыз;

– Сумен араласқан азық-түліктерді лақтырыңыз, олар қауіпті болуы мүмкін немесе қолдануға жарай ма, жоқ па тексеріңіз;

– Су басқан заттардың бәріне дезинфекция жасау керек;

– Су тасқыны дүние мүліктеріңізге үлкен шығын келтірсе, жергілікті атқарушы органдарынан көмек сұраңыз;

– Жүзу білмесеңіз тез арада үйреніп алыңыз.

Су тасқынының салдары жаппай індетке, егістіктің бүлінуі мен малдың қырылуына, үйлер мен коммуникацияның қирауына, адамдардың өліміне әкеп соғуы мүмкін.

Әлемдегі ең үлкен 3 су тасқыны:

1737 жылы. Индия. Желдің әсерінен көтерілген толқыннан 300 мың адам қаза тапты.

1887 жылы. Қытай. Хуанхэ өзенінің деңгейі 20 метрден асты. Шамамен 1 миллионға жуық адам қаза тапты. Бұл су тасқыны адамзат тарихындағы ең қайғылы жағдай болып саналады.

1900 жылы. АҚШ. Галвестон қаласын су басып 6000 адам қаза тапты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: