Нұра өзенінде су тасқыны басталды
karaganda-region.gov.kz
Жауын-шашын болуына байланысты жеке секторлардағы жер үйлерге су кету және автомобиль жолдарында су жүру қаупі бар.
Синоптиктердің ақпаратына сай, 26-30 наурызда Қарағанды облысының өзендерінде ауа температурасының жылынуына және қардың еруіне байланысты көктемгі су тасқыны, жергілікті ағыс болжанып, өзендер арнасынан шығып, су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Бүгін, 26-шы наурызда Нұра өзенінде сел басталды. Наурыздың 22 мен 23-де жауын-шашынның қатты жауғанына байланысты су Нұра өзенінің бастауынан келіп жатыр. Алайда Самарқанд су қоймасына дейін ол әлі жеткен жоқ. Алдағы күндері ауа температурасы түнде минус болса, күндіз жылы болады. Мұндай жағдай су тасқынының баяу жүретініне септігін тигізеді, - деп мәлімдеді «Казгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Роман Андриянов.
Мамандардың айтуынша, өткен аптада қардағы судың қоры екі есеге дейін қысқарған екен.
- Сонымен қатар бүгіннен бастап наурыздың 30-на дейін ауа райына қатысты ескерту жарияланып отыр. Жауын-шашын болуына байланысты жеке секторлардағы жер үйлерге су кету және автомобиль жолдарында су жүру қаупі бар, - деп атап өтті Роман Андриянов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript