Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қарабатан станциясындағы жатақханалар тұруға жарамсыз деп танылды

От шалған жатақханадан бөлек құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандағы барлық үйде де қауіпсіздік ережелері сақталмаған.

Сурет : Хабар 244 Сәуір 2018, 16:52

Қарабатанда өртенген жатақхана жанындағы барлық баспаналар тұруға жарамсыз деп танылып, жұмысшылар үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нұржан Әлтаев мәлімдеді. Оның айтуынша, от шалған жатақханадан бөлек құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандағы барлық үйде де қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Сол себепті құрылысшылар уақытша қайтарылып, станция жұмысы тоқтатылған. Айта кетейік, Атырау қаласының маңындағы Қарабатан ауылында 2 наурыз күні жатақхана өртенген болатын. Онда «Газ-турбина электр станциясының» құрылысын жүргізген жұмысшылар тұрып жатқан. Тілсіз жау 500 шаршы метр жерді шарпып, салдарынан 7 адам қаза тапты.

- Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша өрт жұмыс берушінің жауапсыздығынан болған. Жатақханадағы әр бөлмеде жылытатын құрылғының болуына байланысты электр жүйесінен ақау шыққан. Жұмысшылар қазіргі уақытта үйлеріне қайтарылды. Құрылыс қожайыны жаңа ғимарат салмайынша жұмыс барысы әзірге тоқтап тұрады, - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нұржан Әлтаев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер