Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Атыраулық 70-ке жуық бала Сириядағы соғыста жүр

Олардың 30-ға жуығы әлі 6 жасқа толмаған сәбилер.

Сурет : Sn.kz5 Сәуір 2018, 10:39

Сириядағы соғысқа кеткен қазақстандықтардың сапында атыраулықтар да аз емес екен. Олар өздерімен бірге отбасын қоса алып кеткен. Салдарына қазір атыраулық 70-ке жуық кішкентай бала соғыстың ортасында жүр, деп жазады Sn.kz.

«Сирияның қанды соғыс аумағында Атырау облысынан кеткен 67 бала жүр», – дейді Атырау облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Қөшқалиев.

Сондай-ақ, ол 2011 жылы Сирияға Атырау облысынан 54 адам кеткенін айтады. Соңғы мәлімет бойынша, Сирияға Атырау облысынан 67 бала барған. Оның екеуі кәмелет жаста болса, 34-і мектеп жасындағы балалар және қалған 31-і мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндер екен. Енді Қазақстан елшілігі консулмен бірлесе отырып, Сириядағы балаларды елге қайтарып алу үшін олардың аты-жөнін анықтау жұмыстары жүргізілетінін айтты. Бірақ ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Сирияға кеткен балалардың нақты саны белгісіз.

Сонымен қатар, Қайролла Көшқалиев 2017 жылы араб мемелекеттеріне діни білім алуға кеткендерден 10 студентті қайтарып алғанын да айтты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер