Жаңалықтар тізбегі
0

Исекешев Астана халқын қолжетімді баспанамен қалай қамтамасыз ететінін айтты

prahovabusiness.ro, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2018 22:03 prahovabusiness.ro
"7-20-25" жаңа ипотекалық бағдарламасы аясында өңірлік қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Астананы дамыту мәселелері жөніндегі отырыста елорда әкімі Әсет Исекешев алдағы жылдары тұрғын үй бағдарламалары қалай іске асырылатынын баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астана әкімі 2017 жылы Астанада рекордтық көлемдегі 2 миллион 360 мың шаршы метр тұрғын үй салынғанын айтты. Бұл республикада салынған баспананың 25 пайызы екен.

"Коммерциялық құрылыс кәсіпорындарының есебінен салынатын тұрғын үй бойынша елорданың бас жоспарын талқылағанда айттық. Төрт аймақ анықталды, сонымен бірге астананың ескі бөлігін қайта жаңғырту бағдарламасы іске асырылады. Бұл жерде қосымша 17 миллион шаршы метрден астам үй салуға мүмкіндік бар. Сіздің тапсырмаңыз бойынша физикалық және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысын ескере отырып, үкіметпен бірге қаланы дамытудың бес жылдық бағдарламасын әзірлейміз", — деп баяндады Исекешев мемлекет басшысына.

Бұдан бөлек, 30 сәуірге дейін халықаралық конкурстың нәтижесі бойынша халқы екі миллионға дейінгі қаланы дамыту жоспарының 5 нұсқасы іріктелініп алынбақ. Конкурсқа Ұлыбритания, Канада, Сингапур мен Ресейдің ірі консорциумдары қатысып жатыр.

"7-20-25" бағдарламасы көптеген тұрғынға баспана алуға қосымша мүмкіндік береді. "Нұрлы жер" бағдарламасының, сондай-ақ бес әлеуметтік бастама аясында біз қазір өңірлік қолжетімді тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп жатырмыз", — деді әкім.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: