Жаңалықтар тізбегі
0

«Бәйтерек» холдингі халықты қолжетімді баспанамен қалай қамтамасыз етеді

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2018 17:00 24.kz
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өз салымшылары үшін салынған тұрғын үйдің сұранысы мен сатылымын жеңілдетілген тұрғын үй қарыздарын беру арқылы ынталандырады.

«Бәйтерек» холдингі «Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасының бірыңғай операторы болып табылады. Осы орайда, компания кредиттік тұрғын үйді қаржыландырудан бастап ипотекалық қарыздардың қолжетімділігін арттыруға дейінгі тұрғын үй саясатын іске асырудың негізгі бағыттарын жүзеге асырады. Бұл туралы zakon.kz, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мысалы, 2017 жылдан бастап холдинг тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландырудан жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу арқылы ғана қаржыландыруға дейінгі нарықтық тетіктерге толықтай ауысты. Бұл әрбір екі жыл сайын «жаңартылатын» қағида бойынша қаражат аударуға және қосымша ресурстар бөлусіз жаңа құрылысқа қайта бағыттауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өз салымшылары үшін салынған тұрғын үйдің сұранысы мен сатылымын жеңілдетілген тұрғын үй қарыздарын беру арқылы ынталандырады. Бүгінгі күні «ҚТҚЖБ» АҚ жүйесінде 562 млрд. теңге сомасындағы жинағымен 1,2 миллионнан астам шарт бар. Қазіргі уақытта банк 562 млрд. теңге деңгейінде салымшылардың жинақтарымен ұзақ мерзімді салымдар бойынша бірінші кезекте тұр, бұл елдегі екінші деңгейдегі банктердің ұзақ мерзімді салымдарының жалпы көлемінің 26%-ын құрайды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі бағыттарын көрсету үшін «Бәйтерек» холдингі арнайы инфографиканы дайындады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2018 17:00

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: