Жаңалықтар тізбегі
0

Ержан Тәтішевтің отбасы: Әділдікті 14 жыл күттік

baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2018 23:30 baq.kz
Қолмен істегенді мойынмен көтермек керек.

БАҚ беттерінде Ержан Тәтішевтің жанұясы жариялаған үндеу тарады, деп жазады zakon.kz. Хаттың толық нұсқасын ұсынамыз.

Уақытқа төтеп берген төреші – ол әділдік.

Өмірден ерте озған Ержанның жүрегіміздегі ғұмыры мәңгі бола бермек.

Көп күткен үкім күшіне еніп, қылмыскерлер өз кінәсін мойындаған бұл күнде иық сүйесіп, біздермен бірге әділ заңға үміт артып, осы күресте қолтығымыздан сүйеп, демеу болған ізгі ниетті адамдарға алғыс айтқымыз келеді. Бұл күрес табаны күректей 14 жылға созылып, ақыры әділдік уақыттың өзіне төтеп беріп, төрелігін айтты.

Сергелдеңге салған осы жылдар бойы қөңіліміз құлазып, қабырғамыз қайысты. Жан түршігерлік жауыз қылмыстар зор мәртебе, құдірет-мансап, қисапсыз ақшаның тасасында қалып, саясат сылтауымен жылы жабылып келгені жанымызға батты. Бірақ, біздердей заң күшіне сеніп, шындық үшін күрескен тілеулестер әрдәйім жанымыздан табылып келді. Ақыры ақ-қарасын айырған әділ тергеу, ашық сот шытырманның шиесін тарқатып, жауыздар жазасын алды.

Қолмен істегенді мойынмен көтермек керек. Ешкім де заң құрығынан құтылмайды. Ержанға қарсы қылмыстарға қатысы бар қандықол қарақшылардың бәрі де сазайын тартатынын білеміз һәм сенеміз. Әрине, бұл сенім қазаның орнын толтырып, қасіреттен арылтпас, алайда, абзал ұл, аға, жар, әке болған аяулы жаннан айырылған жарадар қөңілдерді жұбатып, жылаулы көздердің жасын тыюға сеп болары анық.

Міне, бүгінде әділдік іздеп аласұрған барша жандарға біздің айтарымыз: тұйыққа тірелдік деп, тоқтамаңыздар. Мақсатқа жетпей, тынбаңыздар. Өзгелер күдер үзсе де, күресе беріңіздер. Күрескен жетер мұратқа! Татишев жанұясы!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: