Біртанов: пациенттердің ашуына өзіміз кінәліміз – адамдармен жұмыс істеуді білмейміз
Zakon.kz
Науқастардың ашуына шағымданбай, соны мойындауымыз керек.
Цифрландыру бағдарламасының жаңа мүмкіндіктері туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкіметтік емес ұйымдармен кездесу барысында айтты, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, телемедицинаның жаңа бағыты дамып келеді, ол пациент пен дәрігердің арасында байланыс орнатуға жағдай жасайды.
"Бұл қандай да бір таңғажайып технология емес, азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған. Қазіргі таңда халықтың өз денсаулығын бақылауда және жалпы денсаулық сақтау жүйесін қадағалауда техникалық және азаматтық-құқықтық мүмкіндіктері зор. Науқастардың ашуына шағымданбай, соны мойындауымыз керек. Пациенттердің тарапынан агрессия бар екені рас, өйткені өзіміз адамдармен жұмыс істеуді білмейміз", — деді Біртанов.
Фото: sputniknews.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript