Атырауда тауық етінен ішек таяқшасы табылды

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Аталған сапасыз өнімдерге қатысты әкімшілік шара қолданылады.

Атырауда тауық еті өнімдерінен қауіпті бактериялар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Белградкорм» компаниясының «Брянский бройлер», «Ясные зори», «Ставропольского бройлера» компаниясының «Благояр» мұздатылған тауық еттерінен, «СПК Курников» компаниясының «Натуральный» және «Курочкино» ет өңдеу кәсіпорнының «Достойный выбор» тартылған тауық еттерінен патогендік микрофлора немесе сальмонелланың бактериялық тұқымы, сондай-ақ ішек таяқшасы табылды. Белгілі бір жағдайларда олар тағамдық токсикалық инфекцияға ұшыратады», - деді қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы техникалық регламенттеу бөлімінің басшысы Гүлнәр Сүлейменова.

Оның айтуынша, сатуға қойылған тауарлардың сапасы мемлекеттік тапсырыс бойынша тексеріледі. Атырауда осындай тауардың сынамалық түрін сатып алуға бюджеттен ай сайын 600-700 мың теңге бөлінеді. Айта кетерлігі, аталған сапасыз өнімдерге қатысты әкімшілік шара қолданылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз