Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ауладағы мектеп дәретханалары бедеулікке әсер етуі мүмкін

Еліміздегі некелердің 15 пайызында бедеулік мәселесі кездеседі.

Сурет : ҚазАқпарат6 Сәуір 2018, 14:15

Мектептердегі аула дәретханалары кейіннен жастардың бедеулігіне әсер етеді. Бұл туралы Сенаттағы «Үздік денсаулық сақтау ісі - дені сау ұлт» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда «Аман-Саулық» қоғамдық қорының президенті Бақтылы Түменова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде мемлекет жасанды ұрықтандыруға қаржы бөліп жатқанына тоқталған Б. Түменова, осы бағытта өткен жылы 900 квота берілсе, биыл тағы да 900 квота бөлінгенін жекізді. Жасанды ұрықтандырудың бір процедурасы кем дегенде 700 мың теңгені құрайды. Бұл квоталар жеткіліксіз.

Оның атап өтуінше, еліміздегі некелердің 15 пайызында бедеулік мәселесі кездеседі. Сондықтан бұл проблемада алдын алу шараларына екпін қою керек.

«Денсаулық тек медициналық қызметтермен ғана шектелмейді, бұл тұрғыда тұтас әлеуметтік-экономикалық және мәдени кешенді шаралар қамтылған. Сондықтан адам денсаулығы тек дәрігерлерге байланысты емес. Осы орайда бұған денсаулық сақтау министрлігімен қатар, басқа да мемлекеттік құрырылымдар жауапты болуы тиіс. Мен осыған дейін бедеулік проблемасына тоқталған болатынмын. Бүгінде ересектерде бедеулік себебі аборттан ғана емес, сонымен қатар балалық шақта бастан өткерген жағдайларға да байланысты болады. Өйткені мектепте оқып жүрген кезде оқушылар ауладағы дәретханаға барады. Осыған назар аударып көріңіздер, яғни суық тиюдің нәтижесінде осы жеткіншектер кейіннен кері процестердің салдарынан бедеулікке ұшырайды», - деді ол.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер