Несие бойынша мөлшерлемелердің төмендеуі қазақстандықтарға қалай әсер етуі мүмкін
Сурет: freepik
Zakon.kz сайтына сұхбат берген қаржы сарапшылары мөлшерлемелердің өзгеруі кредит нарығына қалай әсер ететінін және бұл қазақстандықтардың банктен несие алуына қосымша қиындықтар тудыруы мүмкін екенін айтып берді.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) "Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін анықтау туралы" Қаулы жобасын әзірледі.
Жобаға сәйкес, несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелерін (ЖТСМ) төмендету жоспарлануда.
Атап айтқанда, кепілсіз несиелер мен микроқаржы ұйымдарының несиелері бойынша шекті мөлшерлемені 10%-ға – 56%-дан 46%-ға дейін, ал кепілді несиелер бойынша – 40%-дан 35%-ға дейін төмендету ұсынылды. Ипотекалық несиелер бойынша мөлшерлеме өзгеріссіз қалуды ұсынады – 25%.
Онлайн-микронесиелер бойынша ЖТСМ-ін (45 күнге дейінгі мерзімге) 179%-ға дейін шектеу жоспарлануда, бұл ретте күнделікті сыйақы мөлшерлемесі тәулігіне 0,3%-дан аспауы тиіс, ал несие сомасы 45 АЕК-пен шектеледі.
Қолданыстағы ережелер бойынша онлайн несиелер 50 АЕК-пен шектеледі, ал сыйақы мөлшерлемесі күніне 1%-дан, немесе бүкіл несие мерзіміне 15%-дан 20%-ға дейін (сомасына байланысты) аспауы тиіс.
Бұл қазақстандықтар үшін нені білдіруі мүмкін?
Сарапшылар мөлшерлемелердің төмендеуі халық үшін несиелердің айтарлықтай арзандауына әкелмейді дейді. Алайда, банктер азаматтарға берілетін несиелер санын азайтуы мүмкін, бұл олардың онлайн несиелеуге көшуіне, ал ең нашар сценарий бойынша – тіпті "сұр" және "қара" несие нарығына ауысуына әкелуі мүмкін.
Қаржы сарапшысы Арман Бейсембаевтың пайымдауынша, банктер екі тактиканы қолдануы мүмкін. Бірінші жағдайда, олар жоғалған 10% табысты жабу үшін несиелеуді күшейтуі мүмкін, екінші және әлдеқайда ықтимал нұсқа – несие беруді қысқарту.
"46%-дық шектеу банктердің "талаптарды қатаңдатуына" әкелуі мүмкін. Қарыз алушылардың сапасына назар аудару күшейіп, несиелеу қысқаруы мүмкін", дейді Арман Бейсембаев
Сарапшының пікірінше, банктер бұрынғыдай тәуекелге бара алмайды және несиелерді бұған дейінгі шарттармен бере алмайды. Өйткені мөлшерлемелердің төмендесе несие бойынша табыстылық төмендейді, ал тәуекел деңгейі қазіргі деңгейде қалады.
"Несие бойынша тәуекел қаншалықты жоғары болса, табыстылығы да соншалықты жоғары болуы тиіс, яғни табыстылық мөлшері қарыздың қайтпай қалу тәуекелінің өлшемі. Бұрын банк 56%-бен жоғары тәуекелді несиені беруде оң шешім қабылдаса, мөлшерлеме төмендесе, ол бұған бармайды және несие беруден бас тартуы мүмкін. Логика дәл осындай болуы мүмкін", дейді Арман Бейсембаев.
Серіктестік материал
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript