Өскеменде тұрғын үйде болған өрттен 72 жастағы зейнеткер көз жұмды

Хабар 24 Хабар 24
Зардап шегуші шұғыл түрде эвакуацияланған.

Өскеменде көпқабатты тұрғын үйде болған өрт 72 жастағы әженің өмірін қиды, деп хабарлайды Хабар 24.

Кеше кешкісін оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер төртінші қабаттағы пәтердің еденінде ес-түссіз жатқан зейнеткерді тапты. Қою қара түтін дәл осы пәтерден шыққан, есігі айқара ашық болған. Зардап шегуші шұғыл түрде эвакуацияланған. Өкінішке қарай, дәрігерлердің әжейді өмірге қайтару үшін жасаған әрекеттері нәтижесіз болды. Көрші пәтерлердің тұрғындары да қауіпсіз жерге көшірілді.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жазатайым оқиғаға өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз