Семейде өрттен 83 жастағы қарт әйел көз жұмды
inform.kz
Қазір арнайы қызмет өкілдері шығын көлемі мен өрттің шығу себебін анықтауда.
9 қабатты үйде болған өрт салдарынан 83 жастағы қарт әйел көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Оқыс оқиға туралы хабар төтенше жағдайлар басқармасына 3 сәуір күні сағат 11:42-де түсті. Өрт «Бөгембайұлы, 36» мекенжайындағы көпқабатты тұрғынүйдегі пәтерлердің бірінің ас бөлмесінен шыққан. Оқиға салдарынан тоңазытқыш бен жиһаздардар жанып кетті. Тілсіз жау жалпы аумағы 10 шаршы метр жерді шарпыған» делінген хабарламада.
Төтенше жағдай қызметкерлері өртті сөндіру кезінде 1935 жылы туған үй иесінің мүрдесін тапты.
Оқиға орнына жеткен дәрігерлер әжейдің түтінге уланып көз жұмғанын анықтады. Қазір арнайы қызмет өкілдері шығын көлемі мен өрттің шығу себебін анықтауда.
Ал тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 14 қызметкері мен 3 арнайы техника жұмылдырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript