Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

«Жұмысқа орналастырушы» алаяқ ұсталды

Тергеу барысында ұсталған күдіктінің алаяқтықтың 10 жайтына қатысы бары анықталды.

Сурет : Хабар 246 Сәуір 2018, 16:03

Мақтарал АІІБ 1 ПБ-нің кезекші бөліміне ондаған жергілікті тұрғындар арызданған, онда бейтаныс ер азамат жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жолмен ақшаларын алып кеткенін көрсеткен. Жәбірленушілердің бірі арызданғандай, алаяқ өзін құқыққорғау органының қызметкерімін деп таныстырып, жұмысқа тұрғызып беремін деп сеніміне кіріп, жарты миллионнан астам теңгесін алып, алдап кеткен, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Мақтарал АІІБ 1 ПБ-нің қызметкерлері күдікті ретінде 1990 ж.т. жұмыссыз, жергілікті жердің тұрғынын анықтап, ұстады. Тергеу барысында ұсталған күдіктінің алаяқтықтың 10 жайтына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығынның шамамен 5 миллион теңгеден болып отыр.

Аталған жайт бойынша алаяқтық бабымен полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, жинақталған құжаттарын сотқа жолдады.

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері азаматтарға бейтаныс адамдармен сөйлескенде сақ болуын ескертеді. Жұмысқа тұрғызып беремін немесе сыйақыға мәсмәселелерінді шешіп беремін деген алаяқтарға сене бермеңіз. Осындай алаяқтардың құрығына түспес үшін ерекше мұқият болыңыз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер