Шымкентте алаяқтықпен айналысқан азаматша ұсталды
Шымкент қаласында алаяқтық жолмен табыс таппақ болған азаматша ұсталды. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданған, онда таныс адамы Астана қаласынан бірнеше пәтер алып беремін деп, ақшасын иемденіп, уәдесін орындамай кеткені туралы жазып көрсеткен.
Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті азаматшаны ұстады.
Полиция қызметкерлерінің анықтағанындай, күдікті азаматша қаладағы сауда үйлердің бірінің алдында Астана қаласынан бірнеше пәтер алып беремін деп, сеніміне кіру арқылы алаяқтық жолмен 1 350 000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін анықтаған.
Тергеу барысында ұсталған күдіктінің алаяқтықтың басқа да жайтына қатысы бар екендігін анықтауда.
Қазіргі таңда күдікті қамауда. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Тәртіп сақшылары алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуын ескертеді.