Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында автобөлшектерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Түркістан облысы ПД Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2019 15:42 Түркістан облысы ПД Баспасөз қызметі
Тергеу барысында ұсталған азаматтардың жалпы шығыны миллионға жуық қаржыны құрайтын 6 ұрлық дерегіне қатысы бар екендігі анықталды.

Түркістан облысының полицейлері автокөлік бөлшектерін ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Сайрам АПБ-нің кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз тұлғалардың өзінің жүк көлігінің бөлшектерін ұрлап кеткендігі туралы айтқан. Дәл сол күні полицияға тағы бір жәбірленуші арызданып, ұрылардың жүк көлігінің дискілерін шешіп алып кеткендігін айтады. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 200 мыңнан астам теңгені құрап отыр. Аталған жайттар Сайрам АПБ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 188 - "ұрлық" бабы бойынша тіркеуге алынды.

"Сайрам АПБ-нің полицейлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының аясында жергілікті тұрғынды, яғни 4 күдіктіні құрықтайды. Тергеу барысында ұсталған азаматтардың жалпы шығыны миллионға жуық қаржыны құрайтын 6 ұрлық дерегіне қатысы бар екендігі анықталды. Қолды болған заттардың бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды. Полицейлер күдіктілердің тағы да басқа қылмыстарға қатыстарының бар-жоғын анықтауда. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі жиналған барлық материалдар процессуалды шешім шығару үшін сотқа жолданды", - деп хабарлап отыр ведомство өкілдері.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға автокөліктерін қараусыз қалдырмауды, көлік есігі мен терезелерін ашық тастамай, арнайы кілтпен бекітіп жүруді ескертеді. Көлікті көрінетін және қолайлы жерге немесе арнайы автотұраққа қою қажет. Сондай-ақ, көлікте ақша, кұжат және басқа да құнды заттарды қалдырмау керектігін еске салады. Мүмкіндігінше ұрыларға қарсы тұру үшін дыбыстық қорғау дабылқаққышын орнатқан жөн.

Егер сіз қылмыс құрбаны немесе куәгері болсаңыз, қылмыскерлерді ізін суытпай құрықтау үшін, тез арада полицияның "102" телефон нөміріне хабарласыңыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: