Алматыда көлік аккумуляторларын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді
Алматының полиция қызметкерлерімен көліктердің аккумуляторларын ұрлаумен айналысқан ұрылардың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Наурызбай аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, қылмыстық топ төрт ер адамнан құралған. Олардың барлығы Алматыға Қазақстанның өзге аймақтарынан келген. Ұрылар өздерінің қылмыстық әрекеттерін көбіне жеке тұрғын үй секторында жүзеге асырып отырған.
"Олар түнгі уақытта үйлердің есік алдында тұрған дабылы жоқ көлік құралдарын аңдып жүрген. Қаскөйлер аккумуляторларды көліктен санаулы минуттардың ішінде шешіп, сосын із суытып отырған. Қазіргі таңда олар ұсталып, қамауға алынды. Әр бір фигуранттың рөлі тергеу барысында егжей-тегжейлі анықталатын болады. Бүгінгі күні ұсталғандардың осындай 13 ұрлыққа қатыстарының барлығы анықталды, бұларға қатысты заттай айғақтар да тәркіленіп, қылмыстық іске бекітілді", - деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының басшысы Дінмұхамед Әуелхан.
Сондай-ақ полициядағылар, жедел қызмет бөлімшелерінің қызметкерлерімен басқа да қылмыстық деректерді анықтауға бағытталған шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, ұрланған аккумуляторларды өткізу орындарын тауып, ұрланған заттарды сатып алған адамдарға да қатысты шара қоладанылатын болады.