Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Мәскеуде қазақстандық әйел сәбиін сатпақ болды

Әйел адам Желіде хабарландыру жариялап, ұлының құнын 20 мың АҚШ долларына бағалаған.

Сурет : Sputniknews.kz6 Сәуір 2018, 17:12

Қазақстандық әйел жасқа толмаған баласын Мәскеуде сатып жібермек болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Желтоқсан айында Алматыда тұратын 33 жастағы әйел Желіге 2017 жылғы ұлын асырап алатын ата-ана іздеп жүргені туралы жазыпты. Материалдық өтемақы ретінде 20 мың АҚШ долларын сұраған екен.

Бейсенбі күні 5 сәуірде әйел баласын алып, Мәскеуге барады. Сәбиді сатып алушылар рөлін жедел қызмет өкілдері атқарған. Әйел баладан бас тартатынын жазып беріп, ақшасын алу үшін мәскеулік банкке аттанады. Сол жерде тәртіп сақшыларының қолына түскен.

"Тергеу барысында баланың әкесі кім екенін анықтап, жауап алу үшін Қазақстаннан құқықтық көмек сұралмақ", — делінген хабарламада.

Сәби қазір балалар үйінде, өйткені Ресейде ешбір туысы жоқ.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер