Түркиялық әйел сәбиін төртінші қабаттан лақтырып жіберген

Новорожденный, новорожденные, младенец, младенцы, ребенок, дети, грудничок, груднички, малыш, малыши, рождаемость, родильный дом, роддом, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2025 11:19 Фото: pexels
Түркияның Диярбакыр қаласында үш айлық қызын төртінші қабаттағы терезеден лақтырып жіберді деген күдікпен әйел адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Habertürk газетінің мәліметінше, сәби ауыр жарақат алған. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері келгенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

Белгілі болғандай, әйелде психологиялық мәселелер болған. Оқиға болған күні ол қайын атасының үйінде қонақта жүрген. Мұндай әрекетке не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Басылымның жазуынша, нәрестенің мәйіті сот-медициналық сараптама жүргізу үшін мәйітханаға жеткізілген.

Қазіргі таңда оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін National Geographic видеосы желіде вирусқа айналғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: