Күйеуімен ұрсысқан әйел көпірден секірмек болды- Ақмола облысы

9 Сәуір 2018, 12:44
Сурет: www.inform.kz

Ақмола облысының Есіл ауданында әйел көпірден секірмек болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 8 сәуір күні Есіл ауданында болған. «Жақсы - Есіл - Бұзылық» тас жолының бойын бақылап жүрген жергілікті полиция қызметінің жол - патрульдік батальонының қызметкерлері сағат 14:00 шамасында теміржол арқылы өтетін көпірдің шетінде тұрған келіншекті байқап қалады. Полиция сержанты Асылхан Абдуллин келіншектің жанына барып, одан мән- жайды сұрап біледі.

«Көпірден секірмек болған әйелдің айтуынша, ол жолдасымен ұрысып қалған. Сол себепті, үйіне қайтып оралғысы келмеген. Біраз уақыт келіншекпен әңгімелескен Асылхан оны райынан қайтарып, аудандық ІІБ, кейін үйіне жеткізіп күйеуімен профилактикалық әңгіме өткізді», -деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетсек, облыстық ІІД басшылығы жас келіншектің өміріне араша түскен полиция сержанты Асылхан Абдуллинді марапаттау туралы шешімге келіп отыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?